Бүгін, 16:30
Әлем

Ауғанстанда үйлердің шатыры құлап, 7 бала қаза тапты

Тағы жеті адам жарақат алған

Ауғанстанда үйлердің шатыры құлап, 7 бала қаза тапты
Фото: istockphoto.com

Соңғы 24 сағат ішінде Ауғанстанның шығыс бөлігінде нөсер жаңбыр салдарынан үйлердің шатыры құлап, тоғыз адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жексенбіге қараған түні Вардак провинциясында бір үйдің шатыры опырылып, салдарынан бір әйел мен оның екі баласы қаза тапты, тағы екі адам жарақат алды. Бұл туралы дүйсенбі күні жергілікті полиция өкілі хабарлады.

Сонымен қатар, соңғы тәулікте Нангархар провинциясында саздан салынған үйлердің шатырлары құлап, кемінде алты бала қаза болды, тағы жеті адам жарақат алғаны белгілі болды.

Соңғы 10 күнде Ауғанстанда нөсер жауын мен су тасқыны салдарынан шамамен 100 адам қаза тауып, 150-ден астамы жарақат алды. Синоптиктер алдағы 24 сағатта елдің кейбір аймақтарында жаңбыр тағы да жауады деп болжап отыр.