«Артемида-2» бағдарламасы бойынша төрт астронавт ұшады
Сәрсенбі күні НАСА Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан соңғы 54 жылда бірінші рет Айға адамдар басқаратын экспедицияны аттандыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ВВС жазғандай, бұл жолы Жер серігінің бетіне қону қарастырылмаған. «Артемида-2» бағдарламасы бойынша төрт астронавт Айды айналып ұшып, он күннен кейін Жерге оралуы тиіс. Айға табан тіреу 2028 жылға жоспарланған. Содан кейін НАСА Айға тұрақты түрде экспедициялар жіберіп, онда база салуды көздеп отыр.
НАСА өкілдері ұшуға дайындық жұмыстарының толық аяқталғанын мәлімдеді. Егер ауа райы мен техникалық жағдай кедергі келтірмесе, «Орион» кемесі тиелген алып Space Launch System зымыраны жергілікті уақытпен 1 сәуір күні сағат 18:24-те старт алады.