180-нен астам теңізші Ормуз бұғазынан шыға алмай қалды
26 оңтүстіккореялық кеме аялдап тұр
Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазы іс жүзінде жабылып, 180-нен астам оңтүстіккореялық теңізші мінген жиырмадан астам кеме аймақтан шыға алмай қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Yonhap жазғандай, қазіргі уақытта қауіпті аймақтағы 26 оңтүстіккореялық кеме бортында 144 экипаж мүшесі бар. Сонымен бірге, шетелдік кемелерде тағы 42 Оңтүстік Корея азаматы қызмет етуде. Әлемдік мұнай мен газдың 20 пайызы тасымалданатын су жолының жабылуы жаһандық энергия нарығына үлкен қауіп төндіріп отыр. Жағдайдың шиеленісуіне байланысты, кеме қатынасы толықтай тоқтап, экипаж мүшелері белгісіз мерзімге дейін аялдауға мәжбүр.
Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы бұл бағыт арқылы өтпек болған кез келген шетелдік кемеге зымыранмен соққы беретінін ескерткен. Осыған орай, АҚШ Президенті Дональд Трамп Американың Әскери-теңіз күштері мұнай танкерлерін қорғап, қауіпсіз аймақтарға сүйемелдеп өткізуге дайын екенін мәлімдеді.