Ол әртістің мазасын алып, үйіне 20 рет барған
Оңтүстік Корея прокуратурасы BTS тобының мүшесі Чонгуктың жеке өміріне қол сұғып, оны жүйелі түрде аңдыған бразилиялық әйелге ресми айып тақты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. агенттігі yonhap news-ке сілтеме жасап.
Сеулдің Батыс округтік прокуратурасының мәліметнше, 30 жастағы шетелдік азаматқа «сталкинг» және «тұрғын жайға заңсыз басып кіру» баптары бойынша іс қозғалған.
Тергеу барысында күдіктінің 2025 жылдың желтоқсаны мен 2026 жылдың қаңтары аралығында әртістің үйіне 20-дан астам рет барғаны анықталды. Ол үнемі есік қоңырауын басып, Чонгуктың мазасын алған және үйінің маңында хаттар қалдырып кеткен.
Бразилия азаматы прокурорларға берген түсініктемесінде бұлай істеуге «сүйікті әртісіне деген сезімі мен махаббаты» себеп болғанын айтып, өзін ақтауға тырысқан.
2025 жылы желтоқсан күдікті қылмыс үстінде ұсталып, алғаш рет қамауға алынды, бірақ кейін босатылды. Полиция оған жұлдыздың Сеулдегі Енсан ауданындағы әншінің үйіне 100 метрден жақын жолауға тыйым салды. Ақпан айында әйел тағы да заң бұзған, содан кейін оның ісі прокуратураға жолданды.
K-pop индустриясында «сасэн-жанкүйерлер», яғни жұлдыздарды аңдушылар мәселесі соңғы жылдары өзекті болып отыр. Осыған байланысты Оңтүстік Корея билігі аңду қылмысына қатысты заңнаманы күшейткен болатын. Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр, оған қатысты сот үкімі алдағы уақытта жарияланады.