$ 498.09  577.34  6.41
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы өсті: ірі импорттаушылар балама бағыттар іздеуге көшті

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2025 жылдың қаңтарынан бергі ең жоғары көрсеткішке жетті

Әлемдік нарықта мұнай бағасы өсті: ірі импорттаушылар балама бағыттар іздеуге көшті
Фото: Freepik

Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы 1%-ға өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі reuters-ке сілтеме жасап.

Brent маркалы мұнай 2025 жылдың қаңтарынан бергі ең жоғары көрсеткішке жетті. Оның бағасы барреліне $82,57, ал West Texas Intermediate - $75,28 болды. Соңғы екі сессияда қос марка да шамамен 5%-ға қымбаттады.

Дегенмен АҚШ Президенті Дональд Трамп «Ормуз бұғазындағы танкерлерді әскери кемелер қорғайды» деп уәде берген соң, мұнайдың нарықтағы өсімі біршама баяулаған. Ол АҚШ Әскери-теңіз күштеріне танкерлерді қорғауды және Халықаралық дамуды қаржыландыру корпорациясына теңіз саудасы үшін қаржылық кепілдіктер беруді тапсырды.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі уақытта геосаяси жағдай экономикалық факторлардан басым түсіп тұр. Иранның аймақтағы энергетикалық инфрақұрылымға жасаған шабуылдары әлемдік мұнай өндірісінің үштен біріне қауіп төндіреді. Әлемдік мұнай мен газдың 20%-ы өтетін Ормуз бұғазы іс жүзінде жабық.

Ирак мұнай өндірісін тәулігіне 1,5 миллион баррельге қысқартты. Егер экспорттық бағыттар ашылмаса, өндіріс көлемі тағы 3 миллион баррельге азаюы мүмкін. Қалыптасқан жағдайға байланысты Үндістан, Индонезия сияқты ірі импорттаушылар балама бағыттар іздеуге көшсе, Қытайдың мұнай өңдеу зауыттары жұмысын уақытша тоқтатып жатыр.

Америкалық мұнай институтының мәліметінше, өткен аптада АҚШ-тағы мұнай қоры 5,6 миллион баррельге өскен. Бұл сарапшылар күткен 2,3 миллион баррельден едәуір көп болып шықты.