ADX пен DFM екі күн жұмыс істемейді
БАӘ-нің Капитал нарығын қадағалау және реттеу басқармасы елдегі қолданыстағы заңнама мен нормативтік актілерге сәйкес, 2026 жылғы 2 және 3 наурыз күндері қор нарықтарының жұмысын тоқтататынын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аталған шешім Абу-Даби қор биржасына (ADX) және Дубай қаржы биржасына (DFM) қатысты қолданылады.
«Басқарма аймақтағы оқиғалардың дамуын жіті бақылауды жалғастырады және қалыптасқан жағдайды тұрақты түрде бағалай отырып, қажет болған жағдайда тиісті шараларды қабылдайтын болады», - делінген хабарламада.
Барлық мүдделі тараптарға сауда-саттықтың қайта басталуы туралы ақпаратты Капитал нарығын қадағалау басқармасының, сондай-ақ ADX пен DFM биржаларының ресми арналары арқылы қадағалап отыру ұсынылды.
Еске салайық, Таяу Шығыстағы жағдайды күрт шиеленісуіне байланысты БАӘ Тегерандағы елшілігін жауып, барлық дипломаттарын елге қайтарды.