$ 505.17  599.54  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытай тағы 4 адамды Мьянмадағы алаяқтық қылмысы үшін өлім жазасына кесті

Бай кланы алаяқтықпен айналысуға арналған 41 кешен құрған

Қытай тағы 4 адамды Мьянмадағы алаяқтық қылмысы үшін өлім жазасына кесті
Фото: ВВС

Қытай соты Мьянмада алаяқтық орталықтарын басқарып келген Бай әулетінің төрт мүшесін өлім жазасына кесті. Отбасының 21 мүшесі алаяқтық, адам өлтіру, денсаулыққа зиян келтіру және басқа да қылмыстық әрекеттер үшін айыпталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ВВС хабарлағандай, өткен жылдың қарашасында өлім жазасына кесілген әулет басы Бай Суочэн үкім орындалғанша аурудан көз жұмған.

Өткен аптада Қытай Оңтүстік-Шығыс Азиядағы алаяқтық схемалармен күресу шаралары барысында Мин әулетінен шыққан мафиоздық топтың 11 мүшесін өлім жазасына кескен.

Бай, Мин және бірнеше басқа әулет Мьянмадағы Лауккаинг қаласында үстемдік етіп, онда казиноларды, жезөкшелер кварталдарын басқарған, кибер алаяқтықпен айналысқан.

Бай кланы жеке әскерін құрған, интернет пен казинода алаяқтықпен айналысуға арналған 41 кешен құрған. Сол кешендердің ішінде құлдыққа тартылған адамдарды қорлап, азаптаған. Соттың мәліметінше, Бай әулеті 6 қытайлықтың өліміне, бір адамның өз-өзін өлтіруіне себепші болған.

БҰҰ дерегінші, жүздеген мың адам Мьянма және Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдерінде интернет алаяқтық схемаларының құрбаны болған. Олардың арасында мыңдаған қытайлықтар бар, алаяқтар олардан миллиардтаған долларды алдап алған.