«Ортаңғы саусағын көрсеткен»: Трампты балағаттаған жігіт аяқ астынан байып кетті
Ол газетке сұхбат берді
Дональд Трамп өзін балағаттаған адамға көпшіліктің көзінше ортаңғы саусағын көрсетті, Ақ Үй президенттің әрекетінде әбестік жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ВВС жазғандай, Оқиға АҚШ президенті Детройттағы Ford зауытына барған кезде болған. Топ ішіндегі жұмысшылардың бірі оған «педофильдердің қорғаушысы» деп айғай салған. Трамп оған жауап ретінде ортаңғы саусағын көрсеткен. Ақ үй «президент оған нақты әрі түсінікті жауап қайтарды» деп хабарлаған.
Көп ұзамай Трампты балағаттаған Ти Джей Сабула есімді ер адам жұмысынан қуылды. Оқиғадан соң бір тәулік ішінде GoFundMe платформасында Сабулаға 27 мыңнан астам адам 700 мың доллар қаржы жинап берген.
The Washington Post газетіне сұхбат берген Сабула айтқан сөзіне өкінбейтінін білдірген. Оған жыныстық қылмыстар жасағаны үшін сотталып, қайтыс болған Джеффри Эпштейннің ісіне қатысты Трамптың ұстанымы ұнамаған.
Айта кетсек, қоғам Трамптан Эпштейн ісінің тергеу қорытындысын толық жариялауды талап етіп отыр. Трамп Әділет министрлігін (DoJ) Эпштейн ісі бойынша қолда бар барлық материалды 19 желтоқсанға дейін жариялауға міндеттейтін заңға қол қойды. Алайда әзірге оның аз ғана бөлігі белгілі болды. Трамп Эпштейн сотты болғанға дейін онымен жақсы қарым-қатынаста болған. Қылмыстық іс бойынша АҚШ президентіне қандай да бір айып тағылған жоқ.