$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.01.2026, 23:04
Әлем

Мадуроның қамауға алынғаннан кейінгі алғашқы суреті жарияланды

Суретте Мадуро қолы кісенделген күйде тұр, оның беті мен көзі жартылай маскамен жабылған

Мадуроның қамауға алынғаннан кейінгі алғашқы суреті жарияланды
Фото: realDonaldTrump / Truth Social

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social парақшасында Венесуэла көшбасшысы Николас Мадуроның алғашқы суретін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Фотосуретте Мадуро сұр спорт костюмі, қара маска және құлаққап киген. Шамасы, бұл оған өз орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік бермеу үшін жасалынып отыр.

«Николас Мадуро USS Iwo Jima әуе кемесі бортында», - деп жазды Трамп фотосуреттің астына.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық күштердің Каракаста түнде жүргізген операциясы кезінде Мадуро мен оның әйелін тұтқынға алып, елден алып кеткенін мәлімдеген. Мәліметтерге сүйенсек, соққылар әскери және стратегиялық нысандарды, соның ішінде парламент ғимаратын нысанаға алған. 

АҚШ-тың бас прокуроры Памела Бондидің айтуынша, оларға есірткі терроризмі, қару-жарақ сақтау және есірткі контрабандасы бойынша айыптар тағылған.

Венесуэла Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың әрекетін әскери агрессия деп атап, төтенше жағдай жариялады. Билік Мадуроның қай жерде екені белгісіз деп мәлімдеді, сонымен қатар оның және әйелінің тірі екенін дәлелдеуді талап етті.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Дональд Трамп