АҚШ Николас Мадуроға қандай айып тақты

Автор: Алмас Ерсін

Есірткі терроризмі, қару-жарақ сақтау және есірткі контрабандасы деген айыптар тағылып отыр

Фото: Leonardo Fernandez Viloria / Reuters

АҚШ-тың бас прокуроры Памела Бонди Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның әйелі Силия Флореске қарсы айып тағылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  РБК - ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, оларға есірткі терроризмі, қару сақтау және есірткі контрабандасы деген айыптар тағылып отыр.

«Жақын арада олар АҚШ жерінде, америкалық сотта америкалық әділеттің қаһарын толық сезінетін болады», - деп жазды Бонди X. әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық күштердің Каракаста түнгі операциясы кезінде Мадуро мен оның әйелін тұтқынға алып, елден алып кеткенін мәлімдеген. Хабарламаға қарағанда, соққылар әскери және стратегиялық ғимараттарды, соның ішінде парламент ғимаратын нысанаға алған.

Венесуэла Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың әрекетін әскери агрессия деп атап, төтенше жағдай жариялады. Билік Мадуроның қай жерде екені белгісіз деп мәлімдеді, оның және оның әйелінің тірі екенін дәлелдеуді талап етті.