Жұмысына жарты сағат ерте келген: әйел адам ойламаған жерден қызметінен қуылды

Автор: Темірхан Айжан

Сот шешім шығарған 

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Испанияда сотқа әйел адамнан ерекше арыз түскен. Оны компания басшысы кеңсеге ерте келгені үшін жұмысынан шығарып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Dailyausaf жазғандай, әйел әдетте кеңсеге таңғы 6:45-7:00 аралығында келетін, ал келісімшарт бойынша жұмыс 7:30-да басталуы тиіс болған. Осылайша оның әріптестерінен бұрын жұмысқа кірісетіні басшысына ұнамаған.

2023 жылы қызметкерге алғаш рет ескерту жасалған, бірақ ол жұмысқа тым ерте келуін тоқтатпаған. Биыл басшысы талапты орындамағаны үшін қызметкерді жұмыстан қуған.

Әйел бұл шешімге қарсылығын білдіріп, Аликанте әлеуметтік сотына шағым түсірген. Алайда сот басшының мүддесіне шешім шығарды.

Сот қызметкердің бірнеше рет жасалған ескертулерді елемегенін және оның мінез-құлқы жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы сенім мен қарым-қатынасқа теріс әсер еткенін мәлімдеген.