08.12.2025, 17:23
Әлем
Қытайда робот адаммен жекпе-жекке шығып, ішінен теуіп құлатты
Қойылымды робототехника компаниясы әдейі ұйымдастырған
Фото: cnn.com
Қытайдың EngineAI робототехника компаниясы жасаған T800 атты гуманоид роботы адамды теуіп құлатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі CNN-ге сілтеме жасап.
Компанияның бас директоры Чжао Тунъян роботпен жекпе-жекке шыққан. Рингте кездескен кезде, құлтемір оның ішінен бір теуіп құлатты. Оның видеосын компанияның өзі жария еткен. Бейнежазбадан қимылы өте ширақ роботтың адамның әрекетін айнытпай салғанын көруге болады.
Осыған дейін T800 гуманоид роботының шынайылығына сенбей, оны компьютерлік графика деп санағандар болған. Компания жекпе-жекке ұқсас қойылым арқылы оның рас екенін дәлелдемек болған.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды