$ 508.3  592.17  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 09:39
Әлем

АҚШ-тың бейбіт жоспары 8 тармаққа қысқарды – Зеленский

Ол 8 тармақ қысқартылғанын айты

АҚШ-тың бейбіт жоспары 8 тармаққа қысқарды – Зеленский
Фото: Euronews

АҚШ әзірлеген бейбіт жоспардан Украина қайшы деп санаған тармақтар алынып тасталды, енді құжат 20 тармақтан тұрады. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұрын 28 тармақ болған, қазір 20. Біз бұл бағытты реттедік, ашық түрде Украинаға қарсы болған тармақтар алып тасталды. Америкалықтардың жалпы ұстанымы – компромисс іздеу. Бірақ территорияға қатысты күрделі сұрақтар бар, ол жерде әзірге компромисс табылмады», – деді Зеленский.

Ол сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамптың соғыс қалай аяқталуы тиіс екеніне қатысты өз көзқарасы бар екенін, және оның позициясы Украина ұстанымынан өзгеше екенін атап өтті.

«Біз қандай да бір территориядан бас тарту мәселесін қарастырамыз ба? Бізде оған заң бойынша да, Конституция бойынша да, халықаралық құқық бойынша да, шын мәнінде моральдық құқық бойынша да жол жоқ», – деді ол.

АҚШ-тың 28 тармақтан тұратын бейбіт жоспары қараша айының соңында ұсынылған болатын. Осыдан кейін АҚШ өкілдері құжатты Украина және Ресей тараптарымен кезек-кезек талқылай бастады. 23 қарашада Женевадағы америкалықтар мен украин делегациясының келіссөздерінен кейін жоспардың түзетілгені расталды. Сол кезде Трамп құжат «22 тармақтан тұрады» деп мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары