Оңтүстік-шығыс Азиядағы шиеленіс: Таиланд пен Камбоджа тағы қақтығысып қалды
Екі сарбаз қаза тапты
Таиланд көрші мемлекетке әуеден соққы жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.
Таиланд билігінің хабарлауынша, өткен жексенбіде Камбоджаның шабуылынан екі тай сарбазы қаза тауып, төртеуі жараланған. Алайда Камбоджа тарапы мұны жоққа шығарған. Олар керісінше тайлардың бірінші соққы жасағанын, ал өздерінің оған жауап қайтармағанын мәлімдеген. Камбоджа билігі Таиланд әскерінің соққысынан үш бейбіт тұрғынның жапа шеккенін хабарлады.
Таиланд армиясы камбоджалықтардың қару-жарақ тасымалдауға арналған фуникулерін жойғанын мәлім етті.
Камбоджа мен Таиланд арасындағы шекаралық даудың тарихы ұзақ жылдарды қамтиды. Биыл шілде айында дау шиеленісіп, бес күнге созылған қақтығыстан ондаған адам қаза тапты. Содан кейін тараптар Малайзияның араласуымен атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды. Мәмілеге АҚШ президенті Дональд Трамп та араласып, екі елдің көшбасшыларына телефон соғып, қақтығыс тоқтамаса тарифтік келіссөздерді тоқтататынын айтып, қорқытқан. Қазан айында Трамп Малайзияға арнайы барып, екі елдің бейбіт декларациясына қол қою рәсіміне қатысқан.
Сол үшін Камбоджа Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынған еді.