Астанада 300-ден астам отбасыны үйсіз қалдырған адам қамалды

Автор: Бақыт Шынар

Ол үлескерлерден 4 млрд теңге жинап алған 

Фото: ЖИ жасаған

Астана қаласының полиция департаменті «Жаңа Арқа» тұрғын үй кешенінің салымшыларының шағымдары бойынша алаяқтық фактісімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу барысында жосықсыз құрылыс компаниясы заң талаптарын бұзып, тиісті рұқсатсыз тұрғын үй салу үшін азаматтардан қаражат жинағаны анықталды.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 300-ден астам отбасы зардап шегіп,  материалдық шығын көлемі 4 млрд теңгеден асқан.

Елорда прокуратурасының үйлестіруімен күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда, іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған.