Республикалық акция бастау алды
Елордада «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты кең ауқымды республикалық акциясы аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды нығайту, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Акция аясында тек екі күннің ішінде ауқымды жұмыс атқарылды:
30 сауалнама жүргізіліп, агрессорлардың тәуекел деңгейі анықталды.
Сонымен қатар азаматтарға 529 жадынама мен буклет таратылып, құқықтық сауатын арттыруға бағытталған шаралар қабылданды.
Полиция департаменті тұрғындарды тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бей-жай қарамауға шақырып, қауіп туындаған жағдайда 102 нөміріне дереу қоңырау шалуды ескертті. Сондай-ақ «111» бірыңғай байланыс орталығы мен дағдарыс орталықтарының «жедел желілері» тәулік бойы қызмет көрсетіп жатыр.