Абай облысында 1,5 млрд теңгеден асатын заңсыз темекі өнімдері жойылды
Темекі өнімдерін жою процесі арнайы құрылған комиссияның қатысуымен жүзеге асырылды

Абай облысында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жалпы құны 1,5 млрд теңгеден асатын 4,5 миллионнан астам темекі өнімі жойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Комиссия қатысуымен өтті
Темекі өнімдерін жою процесі арнайы құрылған комиссияның қатысуымен жүзеге асырылды. Оның құрамына құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге қоғам қайраткерлері, экологтар және тәуелсіз бақылаушылар кірді.
Қаржылық мониторинг агенттігінің жұмысы
Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз темекі айналымының жолын кесу бойынша жүйелі жұмысын жалғастырып келеді.
Жыл басынан бері атқарылған жұмыстар нәтижесінде:
- 39 заңсыз айналым фактісі анықталды;
- 3,4 млн-нан астам қорап темекі тәркіленді;
- өндіріс жасырылған 2 цех жойылды;
- 9 тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.
Тәркіленген барлық контрафактілік өнім сот шешіміне сәйкес толықтай жойылады.
Азаматтарға үндеу
Егер сіз заңсыз темекі саудасын байқасаңыз, 1458 нөміріне хабарласыңыз. Анонимдікке толық кепілдік беріледі.