Семейде әлеуметтік эксперимент: жастар өздерінің адалдығын көрсетті (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Олар «жоғалған» әмиянның барлығын қайтарған

Фото: видеодан скриншот

Республикалық «Заң мен тәртіп» акциясы аясында Семей қаласының полицейлері ерекше әлеуметтік эксперимент өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қала көшелерінде қызметкерлер әдейі әмиянын «ұмытып» кетіп, тұрғындардың әрекетін бақылап отырды.

«Нәтиже күткендегіден де жоғары болды: әрбір табылған әмиян иесіне қайтарылды. Жасөспірімдер мен жастар адалдық танытып, табылған затты иесіне өз қолымен немесе полиция бөлімшесіне апарып тапсырды», - деп хабарлады полиция департаменті.

Эксперимент көрсеткендей, Семейде адалдық пен жауапкершілікке негізделген ұстанымдағы жаңа буын өсіп келеді.