Жиырма жыл бұрын Жезқазғанда кісі өлтірді деген күдікті Ыстамбұлда ұсталды

Автор: Алмас Ерсін

Түрік полициясы халықаралық іздеу базасы арқылы іздеуде жүрген күдіктіні бой тасалап жүрген үйінен анықтаған

Фото: haberler.com

Ыстамбұлда 50 жастағы Витта М. есімді азамат ұсталды. Оны Ресей құқық қорғау органдары іздеуде жүрген. Күдіктінің 2006 жылғы қарашада Жезқазғанда қылмыс әлеміндегі беделді тұлға Сагит Ш.-тың өлтірілуіне қатысы болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Haberler басылымына сілтеме жасап.

Ер адам қылмыстық топтың болжамды жетекшісі қаза тапқан қарулы шабуыл ісі бойынша халықаралық іздеуде болған.

Күдікті Ыстамбұлдың Бакыркөй ауданындағы үйлердің бірінен табылды. Ол сол жерде жасырынып жүрген. Операцияны қоғамдық қауіпсіздік басқармасының іздеуде жүрген адамдарды анықтау бөлімінің қызметкерлері жүргізген. Қазіргі уақытта тиісті процессуалдық шаралар жалғасып жатыр.

Қарулы шабуыл үйіне қайтып бара жатқанда болған

Кісі өлтіру оқиғасы 2006 жылғы 28 қарашада Жезқазғанда болған. Қылмыстық топтың болжамды жетекшісі көлігімен үйіне қайтып келе жатқанда, оған қарулы шабуыл жасалған. Белгісіз адамдар автокөлікке оқ жаудырып, салдарынан ер адам қаза тапқан.

Қазақстандық басылымдарда марқұмның ірі өнеркәсіптік компанияға миллиондаған доллар шығын келтіргені айтылған қылмыстық топты басқарғаны туралы ақпарат жарияланған.

Ұсталған азаматқа кісі өлтіруді тікелей орындады деген күдік келтіріліп отыр.