Дәрігердің балаға қауіп төніп тұрғаны туралы хабарламасы расталмады
Павлодар облысының полиция департаменті полиция шақырғаны үшін айыппұл салынған балалар дәрігеріне қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
6 қазанда полицияға баланың өміріне қауіп төнуі мүмкін екені туралы хабарлама түскен. Тексеру барысында алкогольдік мас күйде болған ана мен көшеде киімсіз жүрген бала туралы ақпарат расталмаған.
«Осы дерек бойынша арнайы қызметтерді жалған шақырғаны үшін арызданушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар сталкинг дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», – деп мәлімдеді полиция.