Қонақүйге орналастырудан бас тартқаннан кейін әкімшіні балағаттаған 24 жастағы қыз сот шешімімен бес тәулікке қамалды
Семейде қонақүйге орналастырудан бас тартқаннан кейін жанжал шығарып, әкімшіні балағаттаған 24 жастағы қыз бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Оқиға 12 қазанда таңғы сағат 04:30 шамасында Семейдегі қонақүй кешендерінің бірінде болған.
Ведомствоның мәліметінше, қонақүй әкімшілігі 24 жастағы келушіні орналастырудан бас тартқан. Бұған наразы болған қыз жанжал шығарып, әкімшіні балағаттаған. Ескерту жасалғанына қарамастан, ол қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың тыныштығын бұзуды жалғастырған.
Полицейлер қыздың жеке басын анықтады. Ол Үржар ауданының тумасы болып шықты.
Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.