Жамбыл облысында түнгі дрифт 22 жастағы жүргізушінің қамауға алынуымен аяқталды (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Түнгі дрифт жасаған жүргізуші бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды

видеодан скрин

Жамбыл облысында түнгі уақытта қауіпті дрифт жасаған 22 жастағы жүргізуші бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қауіпті дрифт Жамбыл облысындағы жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Полиция қызметкерлері көліктің орналасқан жерін бағдар бойынша анықтап, жүргізушіні ұстады.

Тергеу барысында Оркениет Тілеубаевтың түнгі уақытта қауіпті маневрлер жасап, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны анықталды.

Түнгі тыныштықты бұзып, айналасындағылардың өміріне қауіп төндіретін әрекеттер жасаған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот қаулысымен оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.