Алматыда күдіктіден ірі көлемде есірткі тәркіленді

Автор: Алмас Ерсін

Күдіктінің үйінен 1,5 келіден астам есірткіге ұқсас зат табылды

Фото: istockphoto.com

Алматының Жетісу ауданында полицейлер есірткі сатуы мүмкін деген күдікке ілінген азаматтың әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдымен жеке сектор аумағында алдын ала мәлімет бойынша бірнеше доза марихуана сатып алған ер адам ұсталды.

Көп ұзамай жедел қызметкерлер есірткі сатты деген күдікпен тағы бір адамды ұстады. Оның үйін тінту кезінде 1,5 келіден астам зат табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген зат есірткі болып саналады.

Ұсталған азаматтың бұған дейін де есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция есірткінің қайдан жеткізілгенін және күдіктінің ықтимал сыбайластарын анықтап жатыр.