Аргентина мен Египет арасындағы матчты көрген Ақтөбе тұрғынын полиция ұстап әкетті (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Ол әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтқан

Фото: скриншот

Ақтөбе қаласында тұратын 27 жастағы Қолдас Қойшығараев Аргентина мен Египет арасындағы футболды көріп, төрешіге ашуланғаны сонша әлеуметтік желіде бейәдеп видео салған. Полиция оны бірден анықтап, айыппұл салды, деп хабарлайды 

Айта кетейік, қазір Қазақстанның аймақ-аймағындағы полиция желіде бейәдеп сөйлеп, видео салатын азаматтарды жаппай ұстап жатыр. Полицияның мәліметінше, ол футболдың төрешісіне «ашуланып» кеткен.

Оны қолға түсірген полиция  үстінен әкімшілік іс қозғап, айыппұл салған.