Полиция Алматы екі блогерді тікелей эфир кезінде әдепсіз сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты
Алматы полициясы екі блогерді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, екеуі де әкімшілік қамауға алынды. Бұған олардың әдепсіз сипаттағы материалдар жариялап, тікелей эфир барысында бейәдеп сөздер қолдануы негіз болған.
«Тікелей эфирлер, стористер мен бейнежарияланымдар – қоғамдық кеңістік. Әлеуметтік желі қолданушылары жариялаған материалдары мен айтқан сөздері үшін әкімшілік қамауға дейінгі жауапкершілік қарастырылғанын түсінуі керек», – деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.
Ведомство блогерлерді, стримерлерді және әлеуметтік желі қолданушыларын қоғамдық әдеп нормалары мен сөйлеу мәдениетін сақтауға, әдепсіз мазмұндағы материалдарды таратпауға және бейәдеп сөздерді қолданбауға шақырды.