Полицейлер күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады
Астанада бұрынғы күзетші жұмыс істеген нысаннан 21 млн теңгенің кабелін ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Астана қаласының полицейлері ірі көлемдегі ұрлық қылмысын ашты. 31 жастағы тұрғын бұрын күзетші болып жұмыс істеген нысаннан құны 21 миллион теңге болатын электр кабелін ұрлады деген күдікке ілінді.
«Тергеу мәліметінше, ер адам нысан аумағына еркін кіріп, электр кабелін жасырын түрде алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол қолға түсті. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.