Қазақстанда тамыздан бастап алимент аударудың жаңа тәртібі күшіне енеді

25 тамыздан бастап алимент арнайы банктік шоттарға аударылып, ондағы қаражатқа тыйым салынбайды

Қазақстанда тамыздан бастап алимент аударудың жаңа тәртібі күшіне енеді
Фото: © istockphoto.com

Қазақстанның Әділет министрлігі 25 тамыздан бастап елде алимент арнайы банктік шоттарға аударылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол үшін алимент өндіруші сот орындаушысына арнайы шоттың деректемелерін ұсынуы қажет.

Жаңа тәртіп балаға немесе еңбекке қабілетсіз адамға арналған қаражаттың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, арнайы алименттік шоттағы қаражатқа тыйым салуға болмайды. Бұл алименттің тек өзінің тікелей мақсатына – баланы немесе еңбекке қабілетсіз адамды асырауға жұмсалуына кепілдік береді және алушының өзге міндеттемелері бойынша жүргізілетін атқарушылық іс-шаралардың ықпалына түспейді», – делінген ведомство хабарламасында.