Бұл ақпаратты оның қорғаушысы Ғазиз Ынтықбаев растады.
Салтанат Нүкенованың өлімін жасырғаны үшін 4 жылға сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілініп, жақын күндері бостандыққа шығады. Бұл ақпаратты оның қорғаушысы Ғазиз Ынтықбаев растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Адвокаттың айтуынша, Степногорск қалалық соты Байжановқа рақымшылық жасау туралы шешім қабылдаған. Сот отырысы онлайн форматта өткен. Енді сот қаулысы түзеу мекемесіне түскеннен кейін ол босатылады.
Еске салайық, 2024 жылдың маусымында Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты алдын ала уәделеспей жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.