Атырауда 2,5 млн теңге бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Асқарова Қарлығаш

Тінту кезінде ер адамнан 2,2 миллион теңге тәркіленді

Фото: скриншот

Атырауда облыс тұрғынынан 2,5 миллион теңге бопсалады деген күдікпен 35 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, күдікті – Индер ауданының тұрғыны. Оны облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қолға түсірген.

Тінту кезінде күдіктіден 2,2 миллион теңге тәркіленді. Тергеу нұсқасы бойынша, бұл ақша бопсалау жолымен алынған болуы мүмкін. Аталған дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәлімет жария етілмейді.