Бейнероликтен кейін түлек бес тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шықты
Алматыда жеке колледждің түлегі TikTok желісінде дипломға ұқсас затты көпшілік алдында жыртып жатқан видеоны жариялағаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеру барысында полицейлер түлектің шынайы дипломы, оған қоса берілетін қосымшасы мен түпнұсқа мұқабасына ешқандай зиян келмегенін анықтады. Бейнероликті түсіру үшін ол алдын ала білім туралы құжаттың мұқабасына ұқсас арнайы макет дайындаған.
Соған қарамастан, видео әлеуметтік желілерде жылдам тарап, қолданушылар арасында түрлі пікір туғызды. Тексеру қорытындысы бойынша ролик авторы жалған ақпарат таратқаны үшін көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан бөлек, сот түлекті ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
Полицияда әлеуметтік желілерде қолданушыларды жаңылыстыратын немесе қоғамдық тәртіпті бұзатын контент жариялау Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін еске салды.
Бұған дейін ICB College (Бизнес және коммуникациялар колледжі) түлегі диплом табыстау рәсімі кезінде сахнада құжатты көпшілік алдында жыртып тастағаннан кейін жұртшылықтан кешірім сұрағаны хабарланған болатын.