«Бұл жерге халық таза ауамен тыныстау үшін келеді»: Астана полициясы саябақтар мен гүлзарларды жаппай тексеріп жатыр

Автор: Бақыт Шынар

Полиция Ботаникалық бақты тексерген

Фото: әкімдіктің баспасөз қызметі

Астана полициясы қаладағы үлкен саябақтар мен гүлзарларды тексеріп, тәртіп бұзған адамдарды заңға шақырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының әкімдігі ресми сайты арқылы хабарлап отырғандай, рейд Ботаникалық бақта өткен.

«Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты мен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында ауқымды профилактикалық рейдтер басталды. Бүгін мұндай шара Ботаникалық бақта өтті. Алдағы уақытта осындай рейдтер елордадағы саябақ, гүлзар және басқа да қоғамдық орындарда тұрақты өтеді», - деп хабарлайды әкімдік.

Мысалы, дереккөз хабарлап отырғандай, полиция Ботаникалық бақты тексерген.

«Ботаникалық бақ аумағында заңсыз сауда жасауға және балаларға арналған электр көліктерін рұқсатсыз жалға беруге болмайды. Ботаникалық бақ аумағында пикник ұйымдастыруға болмайды. Ботаникалық бақ – ойын-сауық саябағы емес, мұнда сирек кездесетін өсімдіктер өседі. Бұл жерге балалармен серуендеп, таза ауамен тыныстау үшін келеді. Егер заң бұзушылық қайталанса, полиция қызметкерлері абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салады», - деп хабарлайды әкімдік.

Жалпы, дереккөзге сүйенсек, жыл басынан бері Ботаникалық баққа іргелес аумақта абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 700-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.