Кәсіпкер пара беру сәтінде қолға түсті
Ұлытау облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы кәсіпорындардың бірінің директоры тарапынан жасалған пара беру әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресми мәліметке сүйенсек, алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан күдікті қылмыстық істің өзіне тиімді шешілуі үшін тергеушіге ақшалай сыйақы ұсынған. Алайда тергеу бөлімінің қызметкері заңсыз әрекетке барудан бас тартып, бұл туралы бірден тиісті басқармаға хабарлаған. Жедел іс-шаралар барысында кәсіпкер ақшаны тапсыру үстінде қылмыс үстінде қолға түсті.
Қазіргі уақытта тәркіленген ақша айғақты зат ретінде алынып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.