Ақмола облысында 23 жаңа туған сәбидің құқығы қорғалды

Автор: Алмас Ерсін

Прокуратураның араласуынан кейін аурухана «Ана мен бала» жиынтықтарын сатып алып, заңбұзушылықты жойды

Фото: © istockphoto.com

Ақмола облысында 23 жаңа туған сәбидің бұзылған құқығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңір прокуратурасына сілтеме жасап.

Астрахан аудандық прокуратурасы жүргізген тексеру барысында аудандық аурухананың кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында берілетін «Ана мен бала» жиынтықтарын уақытында тапсырмағаны анықталған.

Прокурорлық қадағалау актісі енгізілгеннен кейін медициналық мекеме заңбұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдады. Аурухана мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізіп, 120 «Ана мен бала» жиынтығын сатып алған.

Нәтижесінде 23 жаңа туған сәбидің құқығы қалпына келтіріліп, биыл дүниеге келетін балаларды қамтамасыз ету үшін қажетті жиынтық қоры жасақталды.