Қарасай ауданының тұрғыны жер үйінде 125 мың доза есірткі өсірген – ол енді өмір бойына сотталуы мүмкін (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

29 жастағы азаматтың үйінен 28 келі заңсыз зат табылған

Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесіне қарсы кезекті ірі соққы жасап, Алматы облысы Қарасай ауданындағы жер үйдегі ірі есірткі зертханасын жойдық дейді. Полицияның мәліметінше, осының арқасында олар 125 мың дозаның таралуына тосқауыл қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Дереккөзге сүйенсек, 29 жастағы күдікті жеке үйді синтетикалық есірткі өндіретін зертханаға айналдырған. Ол қажетті жабдықтар мен химиялық реагенттерді интернеттен алып отырған. Тінту кезінде 28 килограмнан астам α-PVP, 880 литр прекурсор және арнайы зертханалық жабдықтар тәркіленді.

«Дайын синтетика өндірілген алғашқы партия болған. Оның көлемі шамамен 125 мың бір реттік дозаға тең. Полицияның жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында бұл заттардың ешқайсысы заңсыз айналымға түскен жоқ», - дейді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Қазір күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Бұл баппен сотталса ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін