Өскеменде облыстық сот алқасының төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды

ШҚО-дағы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы аса ірі көлемде пара алу кезінде қолға түсті

Өскеменде облыстық сот алқасының төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды
Фото: istockphoto.com

Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «24KZ»-ке сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты телеарнаға Жоғарғы сот растаған. Алдын ала болжамдардың біріне сәйкес, сот алқасының төрағасы бас бостандығынан айырумен байланысты емес үкім шығару үшін 40 млн теңге алды деген күдікке ілінген.

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚР ҰҚКД мен Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен операциясы нәтижесінде Өскемен қаласында мүдделі тараптың пайдасына оң шешім шығару үшін аса ірі көлемде пара алу кезінде Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Б. ұсталды», – деп мәлімдеді Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Телеарна мәліметінше, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.