Полиция терек мамығын өртеу өртке себеп болып, ірі шығынға әкелетінін ескертті
Қазақстанда балалар мен ересектердің терек мамығын өртеу жағдайлары көбейген. Осыған байланысты полиция өкілдері бұл әрекеттің соңы қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкіндігін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіріп, құрғақ шөптің, қоқыстың, көліктердің, балалар алаңдарының және тұрғын үйлердің өртенуіне себеп болуы мүмкін. Сондықтан мұндай әрекет үшін ірі көлемде айыппұл салынып, тіпті қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.
Жағдайдың мән-жайы мен салдарына қарай кінәлі адамдар жауапкершілікке тартылады:
Ал егер өрт салдарынан материалдық шығын келтірілсе немесе ірі көлемдегі өрт шықса, қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.
Полиция ата-аналарды балаларымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырып, тұрғындарға өрт фактілері туралы «102» нөміріне дереу хабарлауды ескертті.
Айта кетейік, бұған дейін өрт сөндірушілер терек мамығына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасаған болатын.