Көкшетаудағы орта мектепті жөндеуге 1,5 млрд теңге жұмсала жаздаған

Автор: Бақыт Шынар

Араға прокурорлар араласып, ақшаны қысқартқан

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Көкшетау қаласындағы орта мектептердің бірі күрделу жөндеу жұмыстары үшін 1,5 млрд теңге жұмсамақ болған. Араға прокурорлар араласып, ақша бюджетке қайта өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Көкшетау прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, ақшаға қатысты заң бұзу талдау барысында анықталған. Мектеп әкімшілігі «теріс» коэффициент қолданып, соның салдарынан күрделі жөндеуге бір жаңа мектептің құнына тең қаржы, яғни, 1,5 млрд теңге бөлінген.

Прокурорлар бұл тендерді тоқтатып, бюджет ақшасын үнемдеп қалдық дейді.