Атырауда көліктің терезесінен отшашу атқан жүргізуші мен жолаушы ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Тәртіп бұзғандар әкімшілік қамауға алынды

Фото: Әсет Құндақбаев

Атырауда бір топ жас қозғалыстағы көліктің ішінен отшашу атып, жол бойында қауіпті маневрлер жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік салонынан фейерверк атқан азаматтардың барлығы жедел түрде анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

«Жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзу, апатты жағдай туғыза отырып қауіпті маневр жасау, сондай-ақ көлік қозғалысы кезінде терезеден денесін шығарған жолаушыны тасымалдау фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Бұдан бөлек, аталған азаматтарға ұсақ бұзақылық, елді мекен аумағында пиротехникалық бұйымдарды пайдалану және түнгі тыныштықты бұзу деректері бойынша да әкімшілік шаралар қолданылды», – деп мәлімдеді полиция.

Бұзақылық фактісі бойынша жүргізуші мен жолаушы әкімшілік қамауға алынды. Ал көлік арнайы айып тұрағына қойылды.