3 млн теңге айыппұл немесе 3 жыл: Қазақстанда қызғалдақ жұлғандар сотталады
Тіпті үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы бар
Қазақстанда жабайы өсетін қызғалдақтарды жұлу қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Бұл туралы табиғатты қорғау полициясы еске салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жабайы қызғалдақтар еліміздің ұлттық байлығы болып саналады. Қазақстанда бұл өсімдіктің 35 түрі өседі, оның 18-і Қызыл кітапқа енгізілген.
Полиция өкілдері мұндай өсімдіктерді жұлу, қазып алу, сату немесе жою заң бұзушылық болып саналатынын және ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы – «Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлермен заңсыз айналысу» бойынша жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.
Аталған баптың санкциясы 3000 АЕК-ке дейін айыппұлды (шамамен 11 млн теңге), сондай-ақ үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасын көздейді.
Ведомство азаматтарды табиғатқа ұқыпты қарауға және заң талаптарын бұзбауға шақырды.