Жоғары политехникалық колледж студенттері ШҚО полицейлерінің тарихы мен батырлығымен танысты
Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті базасында Жоғары политехникалық колледж студенттері үшін полиция қызметкерлерінің ерлік жолы мен батылдық үлгілерін таныстыруға бағытталған «Ерлік сабағы» өткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс-шара «Заң және Тәртіп» идеологемасы аясында ұйымдастырылды. Спикер ретінде ШҚО ПД музейінің меңгерушісі Қалиева Бақытгүл Тобиевна сөз сөйледі.
Кездесу барысында Бақытгүл Тобиевна өңірдегі полицияның даму тарихымен, құқық қорғау жүйесінің қалыптасу кезеңдерімен таныстырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан тұлғалар туралы баяндады. Студенттер музей экспозицияларын аралап, архивтік материалдармен, құжаттық деректермен, түрлі жылдардағы қызметкерлердің формасы мен жабдықтарымен танысты.
Экскурсия студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, ішкі істер органдарының қоғамдағы рөлін тереңірек түсінуге ықпал етті. Іс-шара жастардың азаматтық жауапкершілігін, заңға деген құрметін қалыптастыру бағытындағы тәрбиелік жұмыстың маңызды бөлігі болды.