Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы АҚШ-та жүлдеге ие болды
Қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңінде тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қысқа бағдарламадан кейін үшінші орында тұрған Шайдоров еркін бағдарламада екінші нәтижені көрсетіп, жалпы есепте бір саты жоғары көтерілді. Оның қорытынды ұпайы – 251,09 балл.
Бұл жүлде — Қазақстан тарихындағы ерекше жетістік. Шайдоров бір маусымда екі рет Гран-при подиумына көтерілген алғашқы қазақстандық фигурист атанды.
Спортшының еншісінде қазір Гран-при жалпы рейтингінде 24 ұпай бар. Ол қазіргі таңда үшінші орында тұр.
Егер Шайдоров маусым соңына дейін топ-6 ішінде қалса, онда ол Гран-при финалына өтеді.