Бұл туралы облыс әкімі мәлім етті
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев «Шахтер» футбол клубының сатылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атақты футбол клубының құнын әкімдік 50 млн теңгеге бағалаған.
Әкімнің айтуынша, футбол клубының инфрақұрылымы мен коммуналдық жүйелері орнында қалады.
«Футбол клубын 50 млн теңгеден астам ақшаға бағалап отырмыз», - деді Бөлекбаев брифингте.