Чемпиондар лигасы: «Қайрат» Миланда «Интерден» жеңілді

Автор: Алмас Ерсін

Алматылықтар осы маусымдағы Чемпиондар лигасындағы алғашқы голын миландықтарға соқты

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің төртінші турында «Интер» мен «Қайрат» Миландағы «Джузеппе Меацца» стадионында кездесті. Алматылықтар 2-1 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Интер» бірінші таймда 1-0 есебімен басымдық танытты. Капитан Лаутаро Мартинес 45-минутта гол соқты. «Қайрат» капитаны Офри Арад 55-минутта есепті теңестірді. Миландықтарға осы Чемпиондар лигасындағы алғашқы голды Қазақстан командасы соғып отыр.

Карлос Аугусто 67-минутта бұрыштамадан дәл соққы жасап, «Интерді» алға шығарды. Ойын 2-1 есебімен аяқталды.

«Қайраттың» құрамында Темірлан Анарбеков, Егор Сорокин, Александр Широбоков, Луиш Мата, Александр Мрынский, Дамир Қасаболат, Офри Арад, Валерий Громыко, Жоржиньо, Эдмилсон және Дастан Сәтпаев болды.

«Интердің» құрамында Янн Зоммер, Стефан Де Врей, Карлос Аугусто, Янн Биссек, Петр Зелиньски, Давид Фраттези, Никола Барелла, Дензел Дюмфрис, Федерико Димарко, Франческо Пио Эспозито, Лаутаро Мартинес ойнады.

Еске сала кетейік, «Қайраттың» бір ұпайы бар. Қазақстандық клуб турнир басында Португалияның «Спортинг» командасынан 4-1 есебімен жеңіліп қалды, содан кейін өз алаңында Испанияның «Реал Мадридіне» 5-0 есебімен есе жіберді, ал үшінші турда өз алаңында Кипрдің «Пафосымен» тең ойнады (0-0). Бүгін «Интерден» 2-1 есебімен жеңілді.

Төрт турдан кейін «Интер» ең көп 12 ұпайды иеленді. Бұған дейін италиялық клуб үш ойында жеңіске жетіп, бірде-бір гол жібермеген: олар голландиялық «Аякс» (2-0), чехиялық «Славия» (3-0) және бельгиялық «Юнионды» (4-0) жеңген.

Қақпашы Темірлан Анарбеков 7,6 ұпай жинап, «Қайраттың» үздік ойыншысы атанды.