Ол мерзімінен бұрын шықты
Елена Рыбакина 2025 жылғы WTA маусымдық финалында жартылай финалға мерзімінен бұрын шықты. Ол Серена Уильямс тобының көшбасшысы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл америкалық Аманда Анисимованың отандасы Мэдисон Кисті 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңуінен кейін белгілі болды.
Топтық кезеңде Рыбакина екі мәрте жеңіске жетті: алдымен Анисимованы 6:3, 6:1 есебімен ұтты, кейін польшалық Ига Швентекті 3:6, 6:1, 6:0 нәтижесімен тізе бүктірді.
Осылайша, Елена – WTA маусымдық финалының жеке разряды бойынша жартылай финалға шыққан Қазақстан тарихындағы алғашқы теннисші атанды.