Ол франциялық қарсыласын жеңді
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Парижде өтіп жатқан ATP 1000 сериясының үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлемдік рейтингте 16-орында тұрған Бублик екінші айналымда әлемнің 32-ракеткасы, франциялық Корентен Мутемен кездесті.
Кездесу екі сетпен аяқталып, 6:3, 7:5 есебімен Бублик жеңіске жетті. Қарсыластар кортта 1 сағат 36 минут уақыт өткізді.
Ойын барысында қазақстандық теннисші алты эйс жасап, екі қос қателікке жол берді. Ол он брейк-пойнттың екеуін тиімді пайдаланды7
Үшінші айналымда Александр Бублик әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған америкалық Тейлор Фритцпен кездеседі.