$ 530.15  617.47  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2025, 17:37
Спорт

Тоқаев әлемдік теннис жұлдыздары қатысқан шоу-матчты тамашалады

Президент атындағы ашық кубок Астанада өтті 

Тоқаев әлемдік теннис жұлдыздары қатысқан шоу-матчты тамашалады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогы аясындағы негізгі шаралардың бірі – әлемдік жұлдыздардың қатысуымен өткен шоу-матчты тамашалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, президент Олимпиада чемпионы Сюй Синь (Қытай), Әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жүлдегері Вернер Шлагер (Аустрия), сондай-ақ Әлем чемпиондары Фан Бо (Қытай) мен Чу Се Хёк (Оңтүстік Корея) сияқты үстел теннисінің әйгілі спортшыларымен әңгімелесті.

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған бұл турнирге әлемнің 14 елінен 300-ден астам спортшы қатысқан. Олардың қатарында ITTF әлемдік рейтингінің үздік 100 ойыншысының біразы және Қазақстанның танымал теннисшілері бар.

Президент Кубогы еліміздегі үстел теннисін дамытуға, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайтуға және салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталған маңызды спорттық шаралардың бірі. 

Серіктес жаңалықтары