Екі боксшы жартылай финалда жол беріп, қола медальға ие болды
Қазақстандық сегіз боксшы жасөспірімдер Азиадасының финалында алтын медаль үшін таласады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды.
Жартылай финалдың нәтижесі бойынша сегіз қазақстандық боксшы ақтық сында шаршы алаңға шығады.
Аяулым Оспанова (66 келіге дейін), Камила Оспанова (75 келіге дейін), Елнұр Қоңырат (80 келіден жоғары), Арман Мырсәбит (46 келіге дейін), Жұмағали Нұрмахан (50 келіге дейін), Досжан Жұмақан (54 келіге дейін), Даниял Шалқарбай (66 келіге дейін), Мұхамедәлі Рүстембек (80 келіден жоғары) ақтық сында алтын медаль үшін таласады.
Ал Рамина Маханова (54 келіге дейін) және Санжар Матасов (75 келіге дейін) қарсыластарына жол беріп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетерлігі, финалдық жекпе-жектер 30 қазанда өтеді.