Ол 1:6, 4:6 есебімен жеңіліс тапты
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Токиода өткен WTA 500 турнирінің финалында екінші орын алды. Ол сербиялық әріптесі Александра Круничпен жұптық разрядта өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Шешуші кездесуде Данилина – Крунич дуэті Венгрия мен Бразилия құрамасының жұбы Тимея Бабош / Луиза Стефани теннисшілеріне қарсы ойнап, 1:6, 4:6 есебімен жеңіліс тапты.
Бұл финал Анна мен Александра үшін биылғы маусымдағы үшінші финал болды. Бұған дейін олар:
Қазақстандық спортшылар жыл соңында өтетін маңызды турнирлерге қатысып, рейтингтегі позицияларын күшейтуге ниетті.