Шавкат Рахмонов Тоқаевтың қолынан орден алды

Автор: Бақыт Шынар

Бүгін Ақордада салтанатты жиын өтті

Фото: Ақорда

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов та бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан марапат алды, деп хабарлайды

«ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен даңқты спортшы Шавкат Рахмонов марапатталады. Ол еліміздің атын шет мемлекеттерге танытып, мерейін үстем ету жолында тер төгіп жүр», - деп хабарлайды спорт министрлігі.

Айта кетейік, бүгін президент танымал тұлғаларды марапаттады.