Елена Рыбакина Қытайда өткен турнирде WTA титулын жеңіп алды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол бұл титулды оныншы рет алды

Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабындағы оныншы WTA титулын иеленіп, ел тарихында осындай жетістікке жеткен алғашқы спортшы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Рыбакинаның тарихи жеңісі

Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA-500 сериялы турнирдің финалында әлемнің 9-ракеткасы Елена Рыбакина ресейлік Екатерина Александровамен (10-орын) кездесті.

Тартысты өткен матч үш сетке созылып, қазақстандық спортшы 3:6, 6:0, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс Елена Рыбакинаға мансабындағы 10-шы WTA титулын сыйлады. Оның ішінде: екі WTA 1000 турнирінің трофейі және Уимблдондағы «Үлкен дулыға» жеңісі бар.

«Бұл ерекше жеңіс»

«Бұл жеңіс мен үшін ерекше. Әрбір титулдың өз тарихы бар, бірақ оныншы — символикалық мәнге ие. Маусымның азиялық кезеңін осылай аяқтағаныма қуаныштымын», – деді Рыбакина матчтан кейін.